- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жетісу облысында оқушыларға арнайы шақыртылған психолог интимдік буклеттер таратқан
Жетісу облысында оқушыларға арнайы шақыртылған психолог интимдік буклеттер таратқан
Жетісу облысы Текелі қаласында мектеп оқушыларына арнайы шақырылған психолог интимдік қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар таратқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Интимдік нұсқаулықтар таратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда оқушыларға берілген буклеттердің суреті жарияланған. Нұсқаулықта жыныстық қатынас кезінде түрлі жағдайлардан қалай қорғану керектігі жазылған.
Кейіннен бұл жағдай бойынша Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме берді. Айтуларынша құқықтық апта аясында №8 мектепте 7-9 сынып оқушыларының кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы және қалалық аурухананың психологымен кездесуі өткен. Оқушылармен әңгіме жүргізіліп, "Буллинг" және "Кибербуллинг"тақырыбында бейнероликтер көрсетілген.
"Қалалық аурухананың психолог дәрігері ЖИТС орталығы бекіткен буклеттерді таратқан кезде басқа жас топтарындағы науқастарға арналған буклеттер оқушыларға қате таратылып кеткен. Осы жағдайдан кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірге ата-аналармен кездесу өткізіп, мақсатсыз ақпараттық материалдарды таратуға жол бергені үшін кешірім сұрады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар басқармада абайсызда жіберілген қателік үшін мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні және қызметтік тергеу басталғаны жазылған.