Saturday, 23 November,2024

Жетісу облысында қуаты 3 балдық жер сілкінісі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуі сағат 22:08-де Текелі қаласынан 20 шақырым жерде болған. Қирағандар және құрбандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл”, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ұсынылатын