Жетісу облысында су басқан ауылдардың жағдайы қалай? ТЖД жауап берді
Uaqyt.info
Фото
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ. Құтқарушылар зардап шеккен ауыл тұрғындарына көше мен ауланы қоқыс пен балшықтан тазартуға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Жұмылдырылған күштер мен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елді мекендерінің аулалар мен олардың маңындағы су кетті. Жалпы 3 456 текше метр су сорылды", - деді Баспасөз қызметіндегілер.