Sunday, 24 November,2024

Жетісу облысында үйлену тойына барған қонақтар жаппай уланып қалды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жетісу облысы Қабанбай ауылында үйлену тойына барған 21 адам уланып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дерегіне сүйенсек, 28 тамызда Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық орталық ауруханасынан 21 адам уланып қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оларға "Инфекциялық шығу тегі басқа және анықталмаған гастроэнтерит және колит" деген алдын ала диагнозы қойылған.

"Барлық зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 11 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, Он адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қазіргі күні науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген ақпаратта.

Уланғандардың барлығы үйлену тойға барған. Мамандардың айтуынша, ауруханаға жаңадан түсіп жатқан науқастар жоқ.

Ұсынылатын