Friday, 20 September,2024

Жетісу облысында үш жасар баланың денесі арықтан табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Алмалы кентінде үш жастағы бала арыққа батып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облыстық ПД мәліметінше, баланың денесі үйінен 3 шақырым жерден табылған. Бұдан алдын оның жоғалып кеткендігі туралы ақпарат тараған еді.

Кентке келетін суды жапты. Суару арнасындағы су көлемі азайған соң жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 шақырым жерден табылды. Бала арыққа құлап кетіп қаза табуы мүмкін, қатты ағыс әрі қарай ағызып әкеткен”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын