Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 9 адам майып болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жетісу облысының Көксу ауданында Ауди-100 ГАЗ САЗ жүк көлігімен соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Олардың арасында 4 бала бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқыс оқиға 14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының маңындағы Балпық-би - Мәмбет тас жолында болған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнынан 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үшін үйлеріне босатылды. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар, - деді Жетісу облысы ПД.