Sunday, 24 November,2024

Жетісу облысында жедел жәрдем жүк көлігіне соғылып, қақ айырылды

Алмас Абылай
Фото Жетісу облыстық ПД

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. 2 адам көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облыстық полиция департаменті дерегіне сүйенсек, Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар "Көлтабан – Матай" автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігі соқтығысқан.

Яғни жедел жәрдем жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысып, қақ айырылды. Жол апатына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды. Ол рөлді тізгіндей алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция депаратменті.

Ұсынылатын