Saturday, 27 July,2024

Жетісу облысында жеңіл автокөлік жүк көлігінің астына кіріп кетті

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

МАN жүк көлігі мен Volkswagen Passat жеңіл автокөлігінің қатысуымен болған жол апатында екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

 Polisia.kz хабарлауынша, бүгін таңертең Алматы-Өскемен тас жолының 466 шақырымында жол апаты болды. Болжам бойынша, 42 жастағы неміс шетел көлігінің жүргізушісі зорығып, рульде ұйықтап кетуінің салдарынан, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен.

 Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың екеуі ауыр жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді. Екі көлік арнайы автотұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсынылатын