Жетісу облысында жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды
Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды. Олар жергілікті кәсіпкерді қорқытқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ішкі істер министрлігі дерегіне сүйенсек, полицейлер ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстаған. Олардан 500 000 теңге тәркіленді, оны жәбірленушіден қорқытып алған.
"Күдіктілерді ұстау Алматы-Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізілуде.