Saturday, 27 July,2024

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып,төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болды. Сарыөзек - Көктал автожолының 99 шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да қайтыс болды. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды. 

 Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсынылатын