Thursday, 28 March,2024

Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысының Көксу ауданында қазандық жарылып, бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көксу ауданынының Қазақстанның 10 жылдығы ауылындағы қайғылы жағдай 1 сәуірде таңғы сағат 9-дар шамасында болған. Жылу қазандығының жарылуы салдарынан 58 жастағы ер адам көз жұмды. Марқұмның артында бес баласы қалды. Қазір жарылыстың неден болғаны жан-жақты тексеріліп жатыр.

Ұсынылатын