Saturday, 23 November,2024

Жезөкшеге шабуыл жасағандар 1,5 жылдан кейін ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Алматыда 1,5 жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылдың қатысушысы ұсталды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, қылмыс 2021 жылдың желтоқсан айында болған. Қылмыстық жолмен баю мақсатында екі ер адам әлеуетті клиенттердің атын жамылып, жеңіл жүрісті қыздан “қызмет көрсетуін” сұрап, оны тонап кеткен. Әйелдің телефоны мен жинаған ақшасын тартып алу үшін қаскөйлер оны байлап тастаған.

“Осы қылмысқа қатысушылардың бірі ұсталды. Ол сотталды, жазасын өтеп жатыр. Тағы бір сыбайласы тергеуден қашып кеткен. Оған мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Күні кеше күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бостандық аудандық ПБ-мен қарақшылық шабуыл дерегіне сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.  

Ұсынылатын