Жезқазғанда бес жасар бала көлікпен бірнеше адамды қақты
Uaqyt.info
Фото видеодан кадр
Жезқазғанда бес жасар бала көлікпен бірнеше адамды майып қылды. Түрлі дене жарақатын алғандар ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқыс оқиғаның видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда ойын-сауық орталығының алдында тұрған көліктің артқа жүріп барып, бес адамды қағып кеткенін көруге болады. Белгілі болғандай, рөлдегі балақай қол тежегішті алып тастаған екен. Құдай сақтағанда, адамдар аман қалды. Алайда олардың денсаулықтарына айтарлықтай зиян келген.
"Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.