Friday, 20 September,2024

Жігі ажыраған: Семейдегі аспалы көпірден ақау шықты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Семейдегі көпірдің жігі ажырап кетті. Бұл туралы Telegram арналардың бірі хабарлады. Онда қатты аяздың салдарынан көпірде ақау пайда болғаны айтылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақауға қатысты әкімдік қызметкерлері жауап берді. Олар жарықшақтың адам өміріне қауіп төндірмейтінін және көпір тәулік бойы бақылауда болатынын айтты.

"Полиция қызметкерлері деформациялық жікті мұздан тазарту қажеттігі туралы әкімдікке ұйғарым жіберді", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.

Ұсынылатын