- Басты жаңалықтар
- Спорт
- “Жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық”. Қуат Найман футболшыларға үндау жасады
“Жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық”. Қуат Найман футболшыларға үндау жасады
Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Найман әлеуметтік желідегі парақшасында ел футболшыларына үндеу тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Жігіттерге айтарым бар. Мен осы футбол тақырыбын 2016-2017 жылдардан бері көтеріп келемін. Сол кездерден бері араларыңнан бір ер жігіттің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығында бір жігіт жоқ па? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, елде жағдай нашар екенін көріп жүрсіңдер ғой. Ауылдарда жол, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар қандай іспен айналысарын білмейді. Осы күнге дейін футболшылардың арасынан бір адам шыға ма деп күттім. Жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтижеміз жоқ. Не бір жарыстан ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік» дейтін бір жігіт шыға ма деп едім! Жоқ», – деді спортшы.