Thursday, 19 September,2024

Зілтемірші Майя Манезаның күйеуі Вячеслав Ершов қайтыс болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қаралы хабарды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершов қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының командасы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтады»,  - деп жазылды федерацияның желі парақшасында.

Вячеслав Ершов пен Мая Манеза 2013 жылы отау құрған болатын. Олардың ортақ екі баласы бар. Әзірге спортшының нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

Ұсынылатын