Жоғалып кеткен балықшы қолтырауынның ішінен табылды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Балық аулауға кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен Австралия тұрғынының сүйектері қолтырауынның ішінен табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
BBC басылымының жазуынша, 65 жастағы Кевин Дармодиді іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылған. Ол балық аулауға кетіп, із-түссіз кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, Кевинге қолтырауынның қалай шабуыл жасағанын ешкім көрмеген, бірақ судың қатты шашыраған дауысы естіліпті. Осыдан кейін полицейлер сол маңдағы ең үлкен деген қолтырауынды ұйықтатып, оны тексеріп көрді. Нәтижесінде жыртқыштың ішінен адам сүйектері табылды.