Saturday, 23 November,2024

Жол апатынан аман қалған ақынның әйелі: “Бақыт, мен саған ризамын”

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Танымал театр актрисасы Айзада Сатыбалдиева жол апатына ұшырағаннан кейінгі жағдайы қалай болғанын әңгімеледі. Оның айтуынша, қиын сәтте оған күйеуі демеу болып, көмегі көп тиген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы актриса "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда Айзада Сатыбалдиева  ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделханға деген ырзашылығын жеткізеді.

“Баланы қалай өбектеп өсіреміз, дәл сондай деңгейде болдым. Орнымнан тұруды, кислород жұтуды үйрендім. Бір жұтым суды жұтудың өзін толық сезіндім. Бес жыл бойы қамқорлық жасаған жан жарыма алғыс айтамын. Бақыт, мен саған ризамын. Рухың мықты екен. Қалай қиналғанымызды екеуміз білеміз. Сенің мықтылығыңды мойындаймын. Сынбауымыз, жеңілмеуіміз керек, – деді Айзада Сатыбалдиева.

Естеріңізде болса, жантүршігерлік жол апаты 2018 жылы Алматыдағы Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған еді. Соның салдарынан үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетіп, жалғыз Айзада Сатыбалдиева тірі қалды. Танымал актриса белгілі ақын Бақыт Беделханның әйелі екенін айта кетейік.

Ұсынылатын