Saturday, 27 July,2024

Жолдау көптің көңілінен шықты

Уақыт.кз
Фото Ашық ғаламтордан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің ұжымы, докторанттары мен магистранттары, студенттері  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын кезектен тыс факультеттің  кеңейтілген Ғылыми мәжілісінде  жан-жақты талқылады.

Президентіміздің осы жолдауын өзіндік ерекшелігімен, мән-мағыналығымен,    жауапкершілігімен, ұшқырлығымен, көрегендігімен  құнды деп есептейміз.

Өз жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикасын өркендету, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа идеялар, біліктілігі жоғары жаңа кадрларды дайындау, заман талабына сай Әділетті Қазақстан құру, қоғамдық сананы өзгерту, халық табысының өсуі мен тұрмыс сапасының артуына арналған өзекті міндеттерді жіктеп көрсетіп, оны іске асырудың нақты жолдарына тоқталды.

Жолдаудағы жастардың адамның ең жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, әділетті Қазақстан құру жолындағы саналы,сапалы қадамдарын нақтылауы, Президентіміздің жастарға деген сенімін арттыра түсті. Еліміздің әр азаматы үнемшіл, жаңашыл, адал т.б. болса ғана келешегіміздің жарқын болатындығына баса назар аударды.  Экономикалық игілікті еліміздің әрбір азаматы көруі керек деп есептейді. Білім саласындағы қызметкерлерге сапалы, білімді, білікті кадрлар дайындау керектігі де сөз болды. Ғылым мен білімді дамыту керектігіне де тоқаталды, нақты тапсырмалар берді.

Президентіміздің: "Біз болашақта қандай ел болатындығымызды нақты білеміз", - деген пікірі саналы адамның басты қағидасы болуы керек деп есептейміз. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының адал азамат, әділ азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алатындығын мысалға келтіре отырып, мемлекет басшысы жастарға, бүкіл еліміздің халқына адал азамат бола білу керек деген қағиданы айтты. Адал азаматтың ғана болашағы жарқын болатындығына тоқталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жастарын жолдаумен толыққанды таныстырып, нақты мәселелерді айқындап алып, болашаққа нық қадаммен басамыз деп айта аламыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауын іске асыруға дайынбыз. Іске сәт!!!

 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, қауымдастырылған профессор Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Ақкөзова Айнұр Әбдіжәлелқызы

Ұсынылатын