Saturday, 5 October,2024

«Жолды пенопластпен жамаған»: «ҚазАвтоЖолдың» былығын ашқан журналистке қысым басталды

Uaqyt.info
Фото

Журналист Диас Нұрақын өзіне қысым басталғанын жеткізді. Оның айтуынша, жолдың пенопластпен жамалғанын көрсеткен видеосынан кейін жан-жақтан түрлі қоңырау түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жолдың пенопластпен жамалғанын журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын.

"ҚазАвтоЖол" жол салудың тың технологиясын тауыпты. Алматы-Шелек бағытындағы бетон жолдың жыртығын пенопластпен жамап қойыпты. Енді қазақтарға жол салу үшін бетонның да битумның да керегі жоқ, - деп жазды журналист.

Осы жазбасынан кейін журналист өзіне әлдекімдердің қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Тіпті БАҚ өкілін жауапқа тартамыз дегендер жекесіне шығып қорқытқан көрінеді.

"ҚазАвтоЖолдың" былығын ашып едім жан-жақтан талап жатыр. Тіпті угроза жасауға көшті. Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының учаске басшысымын деген біреу кешірім сұра деп дікеңдеуде. Мехмет Шахин деген жігіт "көзіңе көк шыбын үймелетемін" дейді. Тіпті бетонкадағы пенопластты алып тастағаным үшін бұдан былай осы жолдың күтімі сенің мойныңда деді. Себебі бетон жолды қаудыраған пенопласт ұстап тұр екен. Енді үгітіліп кетсе басыңмен жауап бересің деп доқ көрсетті. Общм қарап отырмай Шелектің тұсындағы бетонканың күтіміне жауапты болып кеттім”, - деді Диас Нұрақын.

Ұсынылатын