“Жолды жөндеп, бағдаршам орнатсын!” Алматы облысының тұрғындары жолды жапты
Алматы облысы Байсерке ауылының тұрғындары наразылыққа шығып, облыстық маңызы бар «Алматы — Жетіген — Қапшағай су қоймасы» автомобиль жолын жауып тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Наразылыққа шыққан ауыл тұрғындары биліктен жолды жөндеп, бағдаршам орнатып беруін талап етіп отыр. Өйткені осы олқылықтардың кесірінен күрделі мәселелер жиі болып тұрады екен. халықтың талабына әкімдік өкілдері былай деп үн қатты.
«Осы жылдың 21 мамырында Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары 3-5 км учаскесінде облыстық маңызы бар „Алматы — Жетіген — Қапшағай су қоймасы“ жолын жапты. Оларды талабы — бағдаршам орнату және қажетті жол инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта облыстың уәкілетті органдары қажетті шараларды қабылдап жатыр», — деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінен.