- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
- Жолға шықпаңыздар! Қазақстанның жеті өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Жолға шықпаңыздар! Қазақстанның жеті өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Абай облысы – 6 тасжол, жалпы ұзындығы 1841 шақырым (температураның төмендеуі -30 градус);
Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 шақырым 1 автожол. (Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты);
Шығыс Қазақстан облысы - 7 учаске, жалпы жол ұзындығы 1238 шақырым (ауа температурасының -45°С дейін төмендеуі, қар көшкіндері);
Қарағанды облысы – 3 тасжол, жалпы ұзындығы 265 шақырым. (Абай және Павлодар облыстарында ауа температурасының төмендеуі);
Қостанай облысы – 1 тасжол, жалпы ұзындығы 83 шақырым. (Ұлытау өңіріндегі ауа райының нашарлауына байланысты);
Павлодар облысы – жалпы ұзындығы 1624 шақырымды құрайтын 9 автомобиль жолы (ауа температурасының төмендеуі);
Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожол (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі);
"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу қойылды - 5207 шақырым немесе бүкіл желінің 20,83 пайызы жұмыс істейді. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 223 техника мен 233 адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.