Жолға талас: Алматыда троллейбус жүргізушілері төбелесті
Uaqyt.info

Алматыда жолға таласқан троллейбус жүргізушілері жол ортасында төбелесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда бір-біріне жұдырық сілтеген жүргізушілерді көрге болады. Оқиға куәгерлері оларды барынша ажыратып алуға тырысып жатыр.
Айта кетейік, төбелес №1 және №12 троллейбустың жүргізушілері арасында болған.
Полицейлер бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.