Saturday, 23 November,2024

ЖОЛШЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЙЫ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Uaqyt.info
Фото

«Жол активтернің ұлттық сапа орталығы» Ертіс өңірлік филиалында бүлдіршіндер үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Филиал  қызметкерлері өз ұл-қыздарына тікелей іскерлік қарым-қатынас аясында мекеменің атқарылып отырған  жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, балалар жол-құрылысына қажетті материалдардың талапқа сәйкес болуын қадағалайтын зертхана жұмысымен де кеңінен танысты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жылжымалы жол зерханасымен бүлдіршіндерді филиал инженері Қуат Нұрмағамбетұлы таныстырып, оның сапаны бақылауда дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз ететінің, қалалық және далалық жағдайларда тез талдау жасауға мүмкіндік беретінің баяндады.

Сонымен қатар, филиал эксперті Людмила Ковтарева  мектеп жасындағы меймандарды орталық қызметі туралы және жол зертханасының жұмысымен таныстырды. Жол құрылысында пайдаланатын арнайы құралдармен және құрылғылармен жабдықталған зертхананың залдарында жол–құрылыс материалдарының түрлерімен, олардың сапалық сипаттамалары қалай тексерілетіні туралы айттып берді.

“Бұған дейін біздің мекеме облыстын және қала мектептерінің оқушылары үшін тұрақты негізде ашық есік күндерің өткізіп тұрды. Жол құрылысы саласының мамандары туралы жас түлектер жақсы біле қоймайды.  Сол себепті, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, қажетті мағлұматтармен сусындату – біздің парызымыз деп санаймыз. Осы бағытта біздің мекеме инженерлері мен лаборанттары Ертіс өңірінің мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын атқарып келеді. Ал бүгінгі шара барысында ұл-қыздарымыз ата-аналарының жұмысымен жақын танысты. Өз көздерімен көптеген дүниені көріп, білді. Олардың ой-өрісін одан әрі арттырғанымыз анық”, - деді Людмила Ковтарева.

Мұндай ашық есік күндерінің өскелең ұрпаққа пайдасы мол болатынына сенеміз.

Ұсынылатын