ЖОО түсіремін деп ақша алып, елді алдаған алаяқ ұсталды
21 жастағы алматылық жігіт қала тұрғындарына ЖОО мен әскери кафедраға түсуге көмектесемін деп уәде берген, – деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, аңғал алматылықтар ЖОО мен әскери кафедраға түсіріп беремін деген алаяққа алданып қалған. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяевтың айтуынша, 21 жастағы күдікті ұсталып, ол уақытша ұстау абақтысына жабылған.
“Бұл жолы біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы К.есімді азаматты ұстады. Жас және көпшіл “маман” алдау және сенімге кіру арқылы қарапайым баюдың тізбегін ойлап тауып, қала тұрғындарының ақшасын иемденді. Қаскөй талапкерлердің өздерінен және ата-анасынан алдын ала ақша алып, университетке түсу кезінде оларға кез келген көмек көрсете алатынын айтып сендірді. Бірақ арам ойымен алдын ала төлемді алған соң, жасырынып қалатын. Алдын ала болжам бойынша, күдікті 5 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген”, – деді Мақсат Қанапяев.
Қазіргі уақытта ПБ-ның өндірісінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша осыған ұқсас тоғыз эпизод тергелуде. Күдіктіге қатысты уақытша ұстау изоляторына қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.