Monday, 16 September,2024

“Зорлады”. Қостанайда такси жүргізушісіне жала жапқан әйел жазаға тартылды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Қостанайда такси жүргізушісіне жала жапқан әйел айыппұл арқалады. Өзін зорлады деп шу шығарған оның видеосы ғаламторда қызу талқыланған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлердің мәліметінше, арнайы қызметке жалған қоңырау шалған әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Бұл – шамамен 110 760 теңге. Алайда бәлеқор әйел мұнымен тоқтамайтын секілді.

Ол видеосын ғаламторда таратқан такси жүргізушісінің үстінен арыз түсірген. Әзірге жүргізушіге қатысты қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Ұсынылатын