Saturday, 23 November,2024

Зорланған ба, таяқ жеген бе? 55 жыл бойы әйел затынан жасырынып өмір сүрген ер адам табылды

Алмас Абылай
Фото Afrimax English/YouTube

Шығыс Африкадағы Руандада ер адам 16 жасынан бастап әйелдерден жасырынып өмір сүруде. Тіпті өзіне 4,5 метр болатын қоршау тұрғызып алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ақпарат шетелдік БАҚ-та тарады. Ондағы дерекке сүйенсек, Каллитксе Нзамвите есімді ер адамға гинофобия деген диагноз қойылған. Яғни бұл ауру – әйел затынан қорқу деген ұғымды білдіреді.

Каллитксе Нзамвите әйелдерден жасырыну үшін биіктігі 4,5 метр қоршау тұрғызып, 55 жыл қамауда өмір сүрген. Қазір ол 71 жаста.

Африкалық ер адам ешқашан романтикалық қарым-қатынаста болмаған. Көршілері оған алыстан зат пен тамақ лақтыратын көрінеді.

Ұсынылатын