Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс – Дархан Қыдырәлі
Uaqyt.info
Фото
Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстан тарихы туралы мектеп оқулықтарын қайтадан басып шығаруды ұсынды. Айта кетейік, биыл Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі”, – деді сенатор.