Thursday, 19 September,2024

Жұлдыз Әбдукәрімова сахнада құлап қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

"Қара шекпен" қойылымында өнер көрсеткен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова сахнада тайып құлағанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“20 күн қобалжып, дамылсыз дайындығымыздың нәтижесі халқымның дәл осы қол соғуымен бағаланды деп білем. Сіздерге білдіртпейтін жайттар да болып жатты. Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым. Десе де көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде көзім қарауытып, жаныма батып тұрған ауруға әрең шыдадым. Жедел жәрдем тез жетіп, дәріні тамырымнан тамызып, сахнаға қайта жүгірдім. Ет қызуымен, дәрінің күшімен қойылымды аяқтап, ауруханаға барып, қол-аяғымды таңдырып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ, - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Ұсынылатын