Saturday, 23 November,2024

“Жұлдыз айтуға ұялады”. Қайрат Нұртас әйелінің қайдан шыққанын айтты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қарақалпақстан телеарналарының біріне сұхбат берген Қайрат Нұртас сол елге күйеу бала екенін айтты. Бейнетаспаның қашан жазылғаны туралы нақты дерек жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Онда әнші Қайрат Нұртастың Қарақалпақстан телеарналарының біріне сұхбат беріп отырғанын көруге болады. Әнші әңгіме барысында әйелінің Қарқалпақстаннан екенін, ал өзі сол елге күйеу бала екенін айтады.

“Әйелім Қарақалпақстаннан, қайын жұртым осы жер”, - дейді әнші.

Айта кетейік, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өзінің туған жері, руына қатысты қойылған сұрақтарға көбіне ашып жауап бере бермейді. Ал желі қолданушылары бұл туралы түрлі пікір жазған.

“Туған жерін айтуыға несіне ұялады?”, “Бәсе руын сұрасаң үнемі жауап бермей, жалтарып кетеді”, “Қарақалпақстанда туса не бопты? Соны айту да ұят па екен”, “Жұлдыз қарқалпақтың қызы, намыстанатындай не көрінді?!”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын