Friday, 3 May,2024

Жұлдыздардың сараңы қайсы, жомарты кім? Тасқыннан зардап шеккендерге әншілер ақша аударды

Uaqyt.info
Фото

Елдегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге өнер азаматтары да қолдау көрсетіп жатыр. Uaqyt.info қаржылай көмек қолын созған жұлдыздардың тізімін ұсынады.

Елімізде қандай да бір қиын жағдай бола қалса, халық жылу жинап, бір-біріне қолдау көрсетуі үрдіске айналып келеді. 

Бұл шараға өнер азаматтары да бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. Олар да шамасы жеткенше, үйлерін су басқан, малдары қырылған ағайынға ақшалай көмектерін беріп жатыр.

Мәселен продюсер Ерғали Әбдірайымов 1 млн 625 мың теңге берсе, Баян Мақсатқызы мен Қыдырәлі Болманов бір-бір милионнан аударған. Негізінен өнер азаматтарының басым бөлігі 100 мың теңгеден берген. Әншілердің арасында 20 мың теңге бергендер де бар.

 

 

Ұсынылатын