Saturday, 5 October,2024

Жұмыс уақытында прокурор ұйқыны “сойып” жатыр (ВИДЕО)

Uaqyt.info
Фото

Атырау облыстық прокуратурасы қызметкерінің жұмыс орнында ұйықтап жатқан сәті ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда тапа-тал түсте диванда жатқан прокурорды көруге болады.

Жұмыс уақытында ұйқыны “сойып” жатқан қызметкердің аты-жөні кім екені әзірге белгісіз. Ол өзін телефонға түсіріп жатқан бейнежазба авторының ескертуінен кейін қашып құтылады.

Желі қолданушыларының бірі ұйқыда тұрған не бар десе, енді бірі мемлекеттік қызметкердің әрекетіне сын айтқан.

“Адам баласы ғой, сәл мызғып алғанда тұрған не бар?!”, “Шаршаған ғой әбден”, “Кішкентай бала секілді тығылғаны қызық болды”, “Ұйқысы келсе, өз кабинетінде ұйықтасын”, “Әкесінің үйінде жатқандай жатыр ғой”, “Ұйықтамасын! Жумыс уақытында жұмысын істесін”, - деп жазды желі қолданушылары.

Әзірге атышулы бейнежазбаға қатысты Атырау облыстық прокуратурасы жауап берген жоқ. 

Ұсынылатын