Saturday, 23 November,2024

Жұмысқа алу үшін ақша алған: Ақтөбеде депо бастығы ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, Батыс филиалы, Жем пайдалану локомотиві депосының бастығы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметінше, ол тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына жұмысқа тұрғызу үшін бірнеше адамнан ақша алған.

Пара көлемі – 2,5 млн теңге шамасында.

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын