Жүрек тұсына екі саусағын қойып әнұран айтқан сарбаз жазаланды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Атырау облысында әскери қызметкер әнұранды құрметтемегені үшін жазаланды. Ол ӘҚБтК-нің 458-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Е-Өтініш жүйесінде тіркелген шағым полиция бөлімінде қаралды. Кінәлі азамат анықталып, оған заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды”, - деді жергілікті полиция басқармасының басшысы Ерлан Биғамбаев.