- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Жүргізуші әйелді талдырып тастаған: Бірнеше адамның өмірін қиған оқиғаға қатысты тың дерек айтылды
Жүргізуші әйелді талдырып тастаған: Бірнеше адамның өмірін қиған оқиғаға қатысты тың дерек айтылды
Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған автобус апатына байланысты Алматы қалалық ПД жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Алматы қалалық полиция Департаменті, бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлайды.
Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда”, - деді Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.