Журналист әнұранды сыйламаған әріптестерін сынға алды
Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы әнұран ойнағанда орнынан тұрмаған әріптестерін сөгіп тастады деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көптің наразылығын туғызған бейнежазбаны журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.Онда екі қыздың өзгелер орындарынан тұрғанда қозғалмай отырғанын байқауға болады. Гүлбану Әниятқызы жазбасында олардың аты-жөні мен кәсіби жұмысына да тоқталған. Оның айтуынша, шетелден ақша алатын олар елдің рәміздеріне пысқырып та қарамайды.
"Мына екеуі "Власть.кз" сайтының тілшілері Тамара Вааль және Ирина Савостьянова екен. Елдің бәрі қолдарын кеуделеріне қойып, орындарынан тұрып тұр. Ал мына екеуіне Қазақстанның әнұранының қатысы жоқ екен! Интернетті ашсаңыздар, бұл екі журналистің қазақ билігі туралы, елдегі саясат туралы кекетіп-мұқатқан небір материалдарын табасыздар. Өйткені екеуі де шетелден қомақты грант алады. Бір мақаласында қазақтарда патриоттық жетіспейді деп те айтқан. Өздері де ҚР азаматтары ғой, патриоттықтары қайда енді? Бұндайларды тайраңдатып қоюға болмайды", - деп жазады ол.
Сондай-ақ осы әрекеттері үшін шараға тарту керегін де алға тартқан.