Saturday, 27 July,2024

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат берген қонақтарының басын қосты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың You Tube арнасындағы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы оқырмандары 500 мың адамға жетті. Осы кезең ішінде 200-ге жуық қонақпен сұхбаттасқан ол арнайы мерекелі кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақ баспасөзі, қазақ контенті жаңаша түрленіп отыр. Біраз жыл бұрын "Уақыт көрсетеді" тақырыбымен бағдарламасын бастаған журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың You Tube арнасында 500 мың оқырман.

Осы кезең ішінде ол 200-ге жуық қонақпен сұхбаттасыпты. 200 түрлі ой, 200 түрлі тың тақырып пен шынайы әңгіме көптің көңілінен ерекше орын алғаны осы жетістіктен байқалып тұр.

Нұрсейіт сол нәтижелі еңбектің бір бөлшегі болсын деген мақсатта мерекелі кеш ұйымдастырды. Әрине Қазақстандағы медиасалада мұндай шара тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Ол студияға келген қонақтарынан қоғамда өзекті талқыға түскен 50 қонағын іріктеп, басын бір дастарханда қосқан. Әрине әрқайсысы өз саласында есімдері елге таныс адамдар.

Мерекелі кеш аясында құрмет-қошеметте көрсетілді. Келген қонақтардың қатарында кәсіпкер Махат Төреәлі Нұрсейітке Астанадан 2 бөлмелі пәтер сыйға тартса, кәсіпкер Талғат Сақан Тайота Лэнд Крузер көлігінің кілтін ұстатты.

Шара Алматыдағы Көктөбе мұнарасында орналасқан мейрамханалардың бірінде өткізілді.

Ұсынылатын