Friday, 26 April,2024

Журналист Рахат Мамырбек атындағы байқау жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Саяси журналистика саласы бойынша Рахат Мамырбек атындағы байқау жарияланады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Байқау туралы журналист Болат Мүрсәлім өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Өмірден ерте озған талантты журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқауға демократия институттары, адам құқығы мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, саяси жүйенің дамуы, азаматтық қоғам, еркін сөз бен плюрализм, партиялар бәсекесі, билік тармақтарының легитимдігі және өзге де саяси-қоғамдық тақырыптағы видео және жазба материалдар қабылданады.

Жанрға шек қойылмайды.

Саяси журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға арналған байқауға республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және жеке авторлар қатыса алады.

Байқау «Ең үздік видео» және «Ең үздік мақала» атты екі аталым бойынша беріледі.

Әр номинацияның жүлде саны - біреу, жүлде көлемі 500 мың теңгеден.

Байқауға өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2023 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығы.

Байқау қорытындысы маусым айының соңында – журналистер күні қарсаңында жарияланады.

Қатысу шарттары:

конкурстық жұмыстар 2022 жылғы 1 шілде мен 2023 жылғы 15 маусым аралығында телеарна эфирінен өтуі немесе газет, журнал, интернет-ресурста жариялануы керек.

Үміткер бәйгенің екі номинациясына да қатысуға құқылы.

Бір автор байқауға бір аталым бойынша бір материалдан артық ұсына алмайды.

Ұсынылатын видео ұзақтығы 1 сағаттан аспауға тиіс. Видео контенттер YouTube хостингіндегі немесе өзге интернет-ресурстағы сілтеме арқылы қабылданады.

Мақала көлемі А4 форматындағы 10 парақтан аспауы керек. Жазба контент баспа материал болса - PDF нұсқамен, интернет материалы болса, сілтеме арқылы қабылданады.

Автор өзі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефондарын көрсетуге тиіс.

Байқау материалдарын беделді журналистер, медиасарапшылар кіретін тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Демеуші - Ғабиден Құлахмет атындағы қор.

Материалдар yessey0708@gmail.com поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: + 7 777 216 27 83

Ұсынылатын