Журналист Сандуғаш Дүйсенова кепілмен босатылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айыпталып, 11 тамызда ұсталған Сандуғаш Дүйсенова кепілмен боссатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады. Ондағылардың айтуынша, Сандуғаш Дүйсенова ҚК 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты ретінде танылған.
"Дүйсенова қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ол кінәсін мойындап, процессуалдық шараларды жүргізгеннен кейін ешқайда кетпеу туралы кепілдікпен босатылды", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін іс бойынша басқа мәліметтер жария етілмейді.