Thursday, 14 November,2024

Журналист Тоқберген Әбиев ақша бопсалағаны үшін 7 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Журналист әрі блогер Тоқберген Әбиев 7 жылға сотталды. Ол аса ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін айыпты деп танылған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, Әбиев Youtube әлеуметтік желісінен видеоны өшіргені үшін жәбірленушіден 50 миллион теңге талап еткен. Сот Тоқберген Әбиевке қатысты Қылмысттық кодекстің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде қорқытып алу" фактісі бойынша үкім шығарды.

Прокурор оған 9 жыл жаза сұрағанымен, сот Әбиевтің кішкентай балалары барын ескеріп, 7 жылға үкім кесті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

"Тоқберген Әбиевтің кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, сыртқы және ішкі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалармен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді. "Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ҚІЖК-нің 656-бабының тәртібіне сәйкес шешті. Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстық құқық юұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім кінәлінің жеке басын, сондай-ақ жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді", - делінген сот хабарламасында.

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын