Monday, 25 November,2024

Журналисті не үшін шешіндіріп, видеоға түсірген? ПД жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетісу облысының полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінту кезінде неліктен тырдай жалаңаш шешіндіріп, видеоға түсіргендеріне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Дүйсенованы ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер болған туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеу аясында Дүйсеноваға жеке тінтуі жүргізілген. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі» делінген хабарламада.

Танымал журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 тамызда ұсталған еді. Оған ҚК 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған болатын. Кейіннен кепілмен босап шыққан ол полиция бөлімшесінде өзін шешіндіріп, видеоға түсіргенін мәлімдеді. Журналистке жасалған бұл әрекет қоғамда қызу талқыланып жатыр. Дегенмен күдіктіні жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар табылмағанын айта кетейік.

Ұсынылатын