Saturday, 5 October,2024

Жыландар жер сілкінісін 7 күн бұрын сезе ме? Мамандар не дейді?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыдағы жер сілкінісі туралы әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылып жатыр. Тіпті арасында сан-саққа жүгіртіп, табиғи апат туралы айтып жатқандар көп. Оған жыландардың жер бетіне шыққан видеоларының тарауы себеп. Желі қолданушылары бауырымен жорғалаушылар апатты 7 күн бұрын сезеді деген пікірде, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жыландар жер сілкінісін 7 күн бұрын сезе ме? Бұған қатысты мамандар не дейді?

Осы сұраққа Қазақпарат тілшісіне берген сұхбатында «Сырдария – Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек жауап берді.

«Бұл жерде жылан жүрген аймақты зерттеп көру керек. Себебі, сол маңда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан болуы да мүмкін. Газ құбырын, су құбырын тартуға жер қазылса, ұйқыда жатқан жыландар оянып кетеді. Сондай-ақ қазір үйінде жылан асырайтындар көп. Олар да «хайп» үшін жыланды қар үстіне тастап видео түсіріп жатады. Жалпы жыландар жер астында болған соң, жер сілкінісі секілді табиғи құбылыстарды сезеді. Бірақ бір жеті емес, 10-15 минут бұрын, ары кеткенде 1 сағат бұрын ғана сезе алады. Жер сілкінісін сезген жағдайда бір-екеуі ғана емес, сыртқа жаппай шығып кетуі керек. Тек жыландар ғана емес, тасбақа, сарышұнақ секілді жер астында өмір сүретін барлық жануар мен жәндік жер үстіне шығады», - деп жауап берді Ғани Назарбек.

Ұсынылатын