Monday, 25 November,2024

"Жылдам жазып, қателестім": Қазақстанда концертін өткізген Ресей әншісін жұрт қатты сынға алды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресейлік әнші Земфира Қазақстан жұртшылығына жақпай қалды. Ол елімізде концертін өткізгеннен кейін, әлеуметтік парақшасында мемлекеттің атын кіші әріппен жазған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Халық ашуланған жайт әншінің әлеуметтік парақшасында жариялаған жазбаға байланысты туындады. Онда Земфира Қазақстандағы концерттік шарасын ұйымдастырғандарға өкпелі екеніне тоқталған. Бірақ елдің атын кіші әріппен теріпті.

Осы жағдайды байқаған оқырмандар әншіге бірден шүйлікті. Сонша Қазақстанға келіп, тыңдармандарын емес, өзін ойлағаны дұрыс болмады. Мұндай көзқараста болса келіп несі бар деген ашулы пікірлерін де тоқтаусыз жаза бастады.

Көп ұзамай ресейлік әнші халықтан кешірім сұрап, қателескенін мойындады. Әрі жазбаны асығыс жазу кезінде осындай жағдайға бой алдырғанына тоқталған.

Ұсынылатын