“Жындар мейрамында” жүздеген адам бүлік шығарды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Гамбургте Хэллоуин мерекесі қарсаңында тәртіпсіздіктер болып, 100-деген бүлікшіге полицейлер су атқыштарын қолданды. Алаңға шыққандар құзырлы орган өкілдеріне петарда лақтырып, көшедегі дүкендерді қиратқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Полицейлердің мәліметінше, шу шығарғандардың бір бөлігі ұсталып, қамауға алынған. Ал қалғандары су атқыш көліктердің көмегімен ығыстырылды. Әзірге кәсіпкерлерге қанша шығын келгені белгісіз. Алаңға шыққандардың кесірінен бірнеше дүкен мен бизнес нысандары қирады.
Айта кетейік, ҚМДБ елімізде Хэллоуин мерекесін “жындардың мейрамы” деп атап, оны тойламауға шақырған болатын.