Sunday, 8 December,2024

“Жындардың мейрамын” тойлайсыз ба? Хэллоуин мерекесіне санаулы күн қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚМДБ Шариғат және пәтуалар бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы хэллоуин мерекесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жылда аталып өтетін бұл мейрамның исламға да, қазаққа да қатысы жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Хэллоуин – жындардың мейрамы, оның дінімізге де, қазаққа да қатысы жоқ. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салған. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кәпір қауым сияқты болмауды ескерткен. Ибн Омар (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан болады”, - деді Сансызбай Құрбанұлы.

Айта кетейік, Хэллоуин мерекесі жыл сайын 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні тойланады. Мереке қарсаңында адамдар түрлі кейіпке еніп, асқабақтардан мүсіндер жасайды.

Ұсынылатын