Saturday, 23 November,2024

Жындыханаға жатқызу тапсырыспен болған деп есептеймін – Руза Бейсенбай

Uaqyt.info
Фото

Белсенді, тіл күрескері Руза Бейсенбай тегі үйіне оралды. Бұл туралы Оңғар Қабден әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Естеріңізге сала кетейік, белсендіні бірер күн бұрын жындыханаға күштеп апарды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Возможно, это изображение 2 человека

Руза апаның үйіндемін. Жындыханаға жатқызу тапсырыспен болған деп есептеймін дейді апай.

"Үйімнің қасындағы Халық банктің бөлімшесіне кіріп бара жатыр едім, бір еркек артымнан "женщина, женщина постойте" деп айқайлады. Мен орысшаға жауап бермейтін әдетіммен жүре беріп едім артымнан келіп мені түртті. Бұрылып қарасам бір жас жігіт тұр екен. "Не подскажите Майры 29" деді.

"Қазақтың баласы емессің бе, неге қазақша сөйлемейсің деп едім, мемлекеттік тіл орыс тілі мен қазақ тілі. Менің орысша сұрағыма орысша жауап беру керексің" деп агрессиямен дөрекі жауап берді. Мен бұның подстава екенін түсіндім де телефонымды алып видеоға түсіре бастап едім полиция шақыртты. Полиция да жылдам келе қойды, артынан жедел жәрдем келді. Сөйтсем ол жедел жәрдем емес, психбольницаның қызметкерлері екен. Мені апарып аяқ қолымды байлап, жауып тастады. Қайта тікелей эфирге шығып үлгергенім жақсы болды. Сол арқылы кісілер мені іздеп дабыл қағыпты.

Мен үшін алаңдаған барша жұртқа Алғысым шексіз!!! Аман болыңдар! Қазақ барда қазақ тілі өлмейді" деді Руза апай.

Р.S. Әзірге апай өз-өзіне келіп алсын. Мазаламасаңыздар. Бәрі жақсы. Арқалықтан адвокаты Әскербек Какимов келді. Апайымызды жындыхананың есебінен шығартып, заңсыз қамағандарға шара қолдану керек дейді адвокаты”, - деп жазды Оңғар Қабден.

Ұсынылатын