- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Жыныс мүшелерінен ұстаған: Алматыда әйелдерді аңдып, тиіскен ер адам іздестірілуде
Жыныс мүшелерінен ұстаған: Алматыда әйелдерді аңдып, тиіскен ер адам іздестірілуде
Алмас Абылай
Фото
Алматылық полицейлер белгісіз ер адамды іздеп жатыр. Ол әйелдердің соңына түсіп, артынша оларға тиіскен көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы қаласы Бостандық ауданында әйелдерді соңынан аңдып, тиісіп жүрген ер адамды полиция іздестіріп жатыр. Желідегі ақпаратқа сүйенсек ер адам қыздардың жыныс мүшелерінен ұстаған.
"Ер адам әйелдерді аңдып, шабуыл жасап, жыныс мүшелерінен ұстайды. Мына видеода ол подъез жанындағы талдардың арасына жасырынып, қыздың соңынан аңдыған, кейін лифт ішінде шабуыл жасайды. Қыз теуіп жіберген соң қашып кетті", – делінген желідегі жазбада.
Ал қалалық полиция департаменті азаматтардың шағымына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданбақ.