Saturday, 23 November,2024

"Жыныс мүшесін көсеумен күйдірген": Егіз қыздарды зорлаған ер адам 7 жастағы әпкесін де аямапты

Алмас Абылай
Фото facebook.com/dinara.zakiyeva

Алматы облысында зорланған 3 жастағы қыздардың әпкесі де жылдар бойы қорлық көріп келген. Мұндай тың мәліметті Балалар омбудсмені жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зорланған егіз қыздардың хәлін білу үшін Алматы облысындағы ауруханаға, сонымен қатар олардың бауырлары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барғанын жазды. Сол сапар барысында балалардың өмірі тозақ болғанын анықтаған. Яғни әлгі 3 жастағы қыздардың 7 жастағы әпкесі де дәл осындай қорлықты көрген көрінеді. Тіпті ер адам қылмысын жасыру үшін кішкентайдың жыныс мүшесін күйдірген.

"Бұл қыздардың 7 жасар әпкесіне де бұрын қорқынышты қылмыс жасалған және жазасыздықтың, маскүнемдіктің және толық деградацияның салдарынан бұл қылмыс қайталанып отыр. Кеше аудандық полиция департаментімен, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бұрын болған оқиғалардың барлық тізбегін зерттеп шықтым. Екі жыл бұрын егіздердің анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызының жыныс мүшесін көсеумен күйдірген. Артынша олардың ата-ана құқынан айыру мәселесі қозғалып, бірақ бұл іс қате бап бойынша жүргізілген. Яғни баланың өгей әкесі азаптауға қатысса да анасы ғана жазаланған. Осылайша сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамаған. Тек оларға айыппұл салыпты. Нәтижесінде бала үйде оқытуға ауыстырылған және бұл тозақта тағы екі жыл өмір сүрген. Қазір анықталғандай, олар зорлау белгілерін жасыру үшін күйдірген. Егер екі жыл бұрын кінәлі жазаланып, "Азаптау" бабы бойынша отырғызылса, үш баланы құтқаруға болар еді. Осыған байланысты, тексеру жүргізіп, бұзушылықтар үшін барлық жауапты тұлғаларды жауапқа тарту қажет деп санаймын. Бұл үшін барлық қажетті шараларды мемлекеттік органдармен бірге қабылдаймыз", - деп жазады Балалар омбудсмені.

Сонымен қатар ол дәл осындай қылмыс елімізде күн сайын 342 адамға жасалатынын да жайып салды. Әр санның артында әйелдің, баланың өмірі мен тағдыры жатыр дейді Динара Зәкиева.

Ұсынылатын