Sunday, 24 November,2024

Жыртылған шалбарында ақ дақтар болды: Мектепте 1-сынып оқушысын зорлаған

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыдағы мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды. Бұл туралы оның анасы дабыл қақты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлының зорлық-зомбылыққа ұшырағанын әлеуметтік желіде анасы жазды. Онда баласының жыртылған шалбарынан ақ дақтарды байқап қалғанын айтады.

"12 қыркүйек күні ұлым мектептен шалбары жыртылып келді. Келесі күні оны тігейін деп отырғанымда, көзім ақ дақтарды шалып қалды. Сол кезде баламның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсіндім, жанымда үлкен қызым болған. Екеуміз полиция шақырдық", – деп жазады анасы.

Сонымен қатар келіншек ұлының жекеменшік мектепте оқитынын, бірақ сол күнгі оқиға жайлы баласы жақ ашпағанына тоқталады. Бірақ қыркүйектің ортасынан ұйқысы нашарлап, қорқынышты түстер көретінін, агрессияға жиі ерілетінін, психологиясы бұзылғанын айтып дабыл қаққан.

Қалалық полиция департаментінде бұл іс бойынша сараптама жұмыстары тағайындалғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауда", – делінген полиция дерегінде.

Желідегі жұрт бұл жағдайға алаңдап отыр.

Ұсынылатын