- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "10 жыл бойы салынған". Жамбыл облысындағы полиция полковнигінің зәулім сарайына жауап келді
"10 жыл бойы салынған". Жамбыл облысындағы полиция полковнигінің зәулім сарайына жауап келді
Алмас Абылай
Фото
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергеновтің зәулім сарайына қатысты жауап берілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Тelegram-арнада жазылды. Онда бұл мәселеге Жамбыл облысы полиция департаменті жауап берген. Яғни, пікірде зәулім үй полиция полковнигінікі емес, оның ата-анасына тиесілі екені айтылады.
"Зәулім үй Бауыржан Үдергеновтің ата-анасына тиесілі. Олар 10 ірі кәсіпкер. Әрі бұл баспананың құрылысына 10 жылға жуық уақыт кеткен", - делінген жауапта.
Еске салайық, бұған дейін полиция полковнигінің үйі желіде жұрт талқысына түскен еді. Тіпті халық көптеген істі жылы жауып, көз жұмып қарап келеді деп сынға алған.